Қазіргі уақытта оқушылардың бойында зерттеушілік қабілетті дамыту, өз бетімен білім алуға баулу білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселені шешудің мүмкін жолдарының бірі жобалық оқыту технологиясын қолдану болып табылады. Жобалық оқыту технологиясы оқушылардың блім алуға деген ынтасын арттыра отырып, проблема- ларды шешу қабілетін дамытады. Бірақ біздің елімізде географиялық білім беруде жобалық оқыту технологиясы кеңінен қолданылмайды.
Бұл жұмыстың мақсаты мектеп географиясын оқытуда жобалық оқыту технологиясының тиімділігін эксперименттік түрде бағалау болып табылады.
Эксперимент 2 бөлімнен тұрды: 1) онлайн сауалнама; 2) оныншы сыныптың 36 оқушысы қатысқан эксперимент, мұнда оқушылар 2 топқа: эксперименттік және бақылау тобына бөлінді;
Эксперимент 9 аптаға созылды және ол 7 сабақ пен 2 емтиханнан тұрды. Эксперименттік топ жобалық оқыту технологиясы арқылы білім алса, бақылау тобында қарапайым сабақтар болды. Сабақтар «Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жүргізілді. Қорытынды нәтижелер орта есеппен топтық эксперименттік топтың оқушылары сабаққа белсендірек қатысып, бақылау тобына қарағанда тестілеуде орташа есеппен 3,07 балл жоғары ұпай жинағанын көрсетті. Бұл екі топ арасындағы ұпай айырмашылығы жобалық оқыту технологиясының оқытудың тиімді құралы екенін және жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың географиялық білімін тереңдетіп, зерттеушілік қабілеттерін арттыруда қолдануға болатынын анықтады.
