Дүниежүзілік тәжірибеде әрбір адамның, тіпті қоғамның толыққанды өмір сүруінің басты
көрсеткіші оның денсаулығы болып табылады, осыған орай адамның өмір сүруінің сапасын
бағалау, оның денінің саулығы жағдайы бірінші орынға шығып отыр. Қазіргі кездегі
ғаламдық экологиялық проблемалар, яғни, адамның қоректену ортасын және биосфераны
қорғау мен сауықтыру ғылымның жаңа бір бағыты – географиялық ортаның халықтың
денсаулығына әсерін жан-жақты зерделеуді қажет етуде.
Сол себепті географияның жаңа бір тармағы медициналық география қалыптасып, дами
бастады. Медициналық география ғылымының нозогеография, медициналық ландшафттану,
медициналық елтану бағыттары бар. Медициналық географияны ғылыми тілде
нозогеография - грек nosos - ауру түрлері және география деген сөзінен шыққан. Ол адамның
жеке ауру түрлерінің географиялық таралуын, яғни халықтың денсаулығына оң және теріс
әсер етуші табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлар мен географиялық орта
жағдайын, сонымен қатар адамның ауру түрлерінің таралу заңдылықтарын зерттейді.
Медициналық тұрғыдан ол аурудың патологиясы, эпидемиологиясы мен гигиенасына
жақынырақ, ал географиялық тұрғыдан биогеография мен ландшафтық геохимияға жақын.
Сондықтан медициналық географияны «орта-денсаулық» жүйесінің арақатынасы
тұрғысынан қарастырады.
Meдицинaлық гeoгрaфия гeoгрaфиялық, биoлoгиялық, aстpoнoмиялық, химиялық,
тaрихи, әлeумeттік-экoнoмикалық, экoлoгиялық және т.б. ғылым сaлaлapын біpіктіpeтін
kіpіктіpілгeн ғылым саласы. Антропологиялық жүйедегі денсаулық деңгейі мен
географиялық орта aрaсындaғы бaйлaныс гeoгрaфиялық opтa фaктopлaрының aдaмғa
қaтынaсы өлшемдeрімeн aйқындaлaды. Бaстaпқы гeoграфиялық oртaның тaбиғи «oң» немесе
«тeріс» қaсиeттeрі жоқ, ол aнтрoпoгeндік іс-әрeкeттің нәтижeсіндe қaлыптaсaды.
Медициналық географияда адам денсаулығына климаттық факторлардың әсері, яғни,
метеорологиялық факторлар – ауа температурасы, жел, атмосфералық қысым, ылғалдылық,
олардың шұғыл континенталды климат жағдайындағы ерекшеліктерінің қарастырылуы
медициналық географияға климаттық тұрғыдан баға беру болып табылады. Мұнда адам
денсаулығының акклиматизация және ыстық және суық климат ерекшеліктері мәселелері
қарастырылып, биоырғақтылықтың адам өмірі үшін маңыздылығы айқындалады. Демек,
географиялық ортаның халықтың денсаулығына әсерін және аурулардың географиялық
таралу заңдылықтарын зерделеу білім алушылардың медициналық-географиялық болжам
жасау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІН ОҚЫТУДЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕУ
Жарияланды October 2024
208
19
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек

