Мақалада Алматы қаласындағы автокөліктердің топырақты, өсімдіктерді ластауы және
топырақ жануарларына әсері бойынша зерттеу нәтижелері берілді. Зерттеу барысында
автокөлік көп жүретін көшелердің маңындағы топырақ жамылғысының, өсімдіктерінің
сынамалары зерттелініп, биоиндикатор ретінде топырақта мекендейтін топырақ
омыртқасыздарының сандық және сапалық құрамына зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында
зерттеу сынамаларындағы ауыр металдар мөлшері атомдық-адсорбциялық спектрофотометр
көмегімен анықталды. Қалада автокөліктер саны жыл санап артуда, бұл автокөліктердің
жұмысы нәтижесінде атмосфераға бөлініп шығатын ластағыштардың мөлшерінің де артып,
өсімдіктер мен топырақ жабынын да ластануына алып келеді. Зерттеу нәтижесінде Алматы
қаласының өсімдік үлгілерінде мырыш, қорғасын, мыс, кадмийдің мөлшерлері анықталды.
Бұл анықталған ауыр металдардың ішінде мырыш пен қорғасынның мөлшері өте жоғары.
Жол маңынан алынған топырақтарда микроартроподтар мүлдем кездеспейтіндігі анықталды,
микроартроподтар мен мезофауна топырақтың ластануының индикаторлары болғандықтан,
олардың топырақ үлгілерінен табылмауы топырақтың ластанғандығының дәлелі болып
табылады.
Зерттеу нәтижелерін Алматы қаласының ластануы және ластанумен күрес жүргізу
бойынша зерттеу жұмыстарына әдістемелік негіз ретінде пайдалануға болады
АВТОКӨЛІКТІҢ ТОПЫРАҚҚА, ӨСІМДІККЕ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ОМЫРТҚАСЫЗДАРЫНА ӘСЕРІ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)
Жарияланды October 2024
172
7
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек

