Зерттеу мақаламызда биология пәнін оқытуда аймақтық компонентті жүзеге асыруда
бойынша сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру әдістері келтірілді. Зерттеу жұмысы
барысында аймақтық компонент мазмұны зерттеліп, шетелдік және отандық ғалым
педагогтардың жұмыстарына теориялық тұрғыда талдау жасалды.
Өлкетану жұмыстары тек білім беру, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарды
орындап қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл
технология білім беру процесін аймақтандыру, экологияландыру, құзыреттілікке негізделген
оқыту қағидаттарын іске асыруға көмектеседі. Оқушылардың табиғатты қорғау және өз
аймағының өзекті мәселелерін шешу жолдарын табуға бағытталған тәжірибесін кеңейтуге,
олардың зияткерлік және физикалық өзін-өзі танытуына жағдай жасайды.
Болашақ мамандарды кәсіби даярлау үдерісіне аймақтық компонентті енгізу ұлттық
білім беру сапасын арттыруға және жергілікті материалдармен ұштастыруға мүмкіндік
береді. Осылайша, әрбір азаматтың тұрғылықты жеріне қарамастан, нақты өңірлік
әлеуметтік-мәдени ортаның өкілі ретінде білім алуына және оның барлық жеке
ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеруге жағдай жасалады.
Бұл компоненттің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты қазақ халқының материалдық және
рухани құндылықтарына баулу, дәстүрлі мәдениеттің ұмыт қалған элементтерін қайта
зерттеп, оны оқу үдерісіне енгізу. Ғылыми өлкетану жергілікті табиғи ерекшеліктерді зерттеу
арқылы жаңа мәліметтерді анықтауға бағытталған. Оны жүзеге асыру күрделі үдеріс
болғандықтан, оқу аудиториясында ғана емес, аудиториядан тыс жұмыстар мен далалық
тәжірибелер арқылы жүйелі түрде жүргізуді талап етеді.
Қазіргі уақытта мектептегі білім беру бағдарламаларының мазмұнын аймақтық, ұлттық
және этномәдени ерекшеліктерді ескере отырып вариативті ету мәселесі өзекті болып отыр.
Сонымен қатар, білім беру бағдарламасының мазмұнын әртараптандырудың ғылыми
әдістемелік қамтамасыз етілуі жеткіліксіз, атап айтқанда, ол аймақтың, әсіресе географиялық
орналасуы мен климаттық жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы тиіс.
Осы тұрғыда оқушыларға туған өлкесінің өсімдіктері мен жануарларын зерттеуде ойын
түрлерінің, экскурсияның, зертханалық және практикалық жұмыстардың тиімділігі
көрсетілді.
БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жарияланды March 2025
95
45
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
білім беру, аймақтық компонент, экологиялық мәдениет, оқыту технологиясы, өлкентану, экологиялық акциялар.
Дәйексөздерді қалай жазу керек

