Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

КЕРБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНДА ӨСЕТІН TAMARIX L. ТУЫСЫНЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды June 2025

39

0

Аңдатпа

Тамарикс туысына ыстық климатқа бейімделген жетпіске жуық түр кіреді. Tamarix туысы
Жерорта теңізінен шыққан және табиғатта түрлері Францияның солтүстік-батысынан Қытайдын
солтүстік-шығысқа дейін таралған. Сонымен қатар, негізгі таралудан басқа да оқшауланған
Африканың әртүрлі бөліктерінде таралған бірнеше түрлер бар. Жалпы, Tamarix туысы өкілдері
ыстық, құрғақ жағдайларға өсуге бейімделген, ылғалды топырақта да өседі, сонымен қатар ұзақ
су басу және топырақтың қатты тұздануына төтеп бере алады. Негізінен Tamarix туысы өкілдері
құмды немесе сазды топырақты жақсы өседі, суда еритін тұздарды дифференциалды түрде
жинақтауға және босатуға қабілетті кринохалофиттердің керемет өкілдері болып табылады.
Сондықтан бұл өсімдік түрлері топырақтың тұздануымен күресу, эрозияны болдырмау және
табиғи экожүйелерді тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады. құрғақ өсу жағдайлары, бірақ ұзақ
су тасқынына төтеп бере алады және топырақтың тұзданудан сақтайды. Аймақтың құрғақ және
тұзды топырақтарының әсерінен, бұл өсімдіктердің экстремалды экологиялық жағдайларға
бейімделу ерекшеліктерін зерттеу қажет. Бұл өсімдіктердің микроскопиялық құрылымын
зерттеу олардың физиологиялық бейімделу механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Мұндай зерттеулер өсімдіктердің қоршаған орта факторларына жауап беру механизмдерін
анықтап қана қоймай, оларды болашақта экологиялық және агрономиялық мақсатта тиімді
пайдалануға жол ашады. Мақалада зерттеу жұмысында жарық және электронды микроскопия
әдістерін қолдану арқылы Кербұлақ шатқалында өсетін Tamarix L. туысы түрлерін жапырақ,
сабақ және тамыр ұлпаларының морфологиялық ерекшеліктері зерттеліп, олардың экологиялық
бейімделу механизмдері анықталды. Алынған нәтижелер Tamarix L. өсімдіктерінің қоршаған
ортаға бейімделуін тереңірек түсінуге және оларды табиғатты қорғау, шөлейттену мен
топырақтың тұздануымен күрес салаларында тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен
қатар, бұл мәліметтер өсімдіктердің селекциясы мен биоинженерия салаларында жаңа
мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.

PDF