Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ИНФОГРАФИКА ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жарияланды September 2025

8

5

Аңдатпа

Бұл зерттеуде жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі инфографиканы биологиялық білім
беруде қолданудың тиімділігі қарастырылды. Зерттеу «Жануар жасушасының құрылысы» тақы
рыбында КММ «№216 жалпы білім беретін мектебі» 8-сынып оқушылары арасында жүргізілді.
Негізгі мақсат – ЖИ арқылы жасалған визуализацияның оқушылардың жасуша биологиясын
меңгеруіне және оқу үдерісіне қызығушылығына ықпалын анықтау болды.
Негізгі оқыту құралы ретінде Canva платформасында жасалған жануар жасушасының 3D
инфографикасы пайдаланылды. Зерттеу үш кезеңнен тұрды: алдын ала тест, инфографикамен
жұмыс және кейінгі тест. Сонымен қатар, оқушылардың ЖИ-инфографикаға деген көзқарасын
анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Нәтижелер кейінгі тест қорытындыларының айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Сауалнама
мәліметтері бойынша, оқушылардың басым бөлігі инфографиканы оң бағалап, сабақты қызықты
әрі көрнекі еткенін атап өтті.
Жалпы алғанда, ЖИ-инфографика биологиялық білім беруді толықтыратын тиімді құрал
болып табылады.

PDF (English)