Мақалада 9-сынып оқушыларының биология пәніне қызығушылығын арттырудағы
дидактикалық материалдардың тиімділігі зерттелді. Зерттеу KSU ―Жалпы орта мектеп
№216‖ базасында, 25 оқушы қатысумен жүргізілді. Алдын ала тест (pre-test) және тәжірибе
ден кейінгі тест (post-test) нәтижелері салыстырылды. Зерттеу барысында әдістемелік құрал ―Биология пәніне арналған дидактикалық материалдар‖ енгізілді, ол визуалды көрнекіліктер,
практикалық тапсырмалар, интерактивті және зерттеушілік іс-әрекеттерді қамтыды.
Нәтижелер көрсеткендей, оқушылардың 84%-ы білім деңгейінің өскенін көрсетті, олардың
ішінде 48%-ы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жоғары жетістіктер интерактивті және
визуалды компоненттерді белсенді пайдаланған оқушыларда байқалды, ал аздап өсу
көрсеткендер (36%) зерттеушілік тапсырмаларға жеткілікті қатыспаған немесе қосымша
бағыттау қажет болған оқушылар болды.
Жүргізілген зерттеу нәтижелер 9 сынып оқушылары үшін дидактикалық материалдарды
қолданудың тиімділігін көрсетіп, тақырыптың өзектілігін тәжірибелік тұрғыда дәлелдеп берді
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жарияланды December 2025
35
43
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
