Қазіргі уақытта білім беруді цифрландыру Қазақстанның стратегиялық даму бағыттары-ның
бірі болып табылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Білім туралы»
Заңда білім сапасын арттыру, қолжетімділікті кеңейту және оқушылардың цифрлық
сауаттылығын дамыту міндеттері айқын кӛрсетілген. Осы тұрғыда «Gen Alpha» буынының
ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту процесіне цифрлық платформаларды енгізу өзекті мәселе
болып отыр. Зерттеу жұмысы 7-сынып оқушылары арасында жүргізіліп, оның негізгі мақсаты –
цифрлық білім беру құралдарының (Kundelik, Google Classroom, Kahoot, Quizizz, PhET
Simulation) биология пәніне деген қызығушылыққа ықпалын анықтау болды. Зерттеу барысында
pre-test және post-test әдістері, сауалнама және эксперименттік тапсырмалар қолданылды.
Алынған нәтижелер бастапқыда оқушылардың пәнге қызығушылығы мен цифрлық құралдарды
қолдану тәжірибесі орташа деңгейде болғанын кӛрсетті. Эксперименттен кейін пәнге
қызығушылық 13%-ға, визуалды материалдар мен ойын технологияларын қабылдау 13-15%-ға
артты, ал цифрлық құрылғыларды қолдану деңгейі 8-ден 11 оқушыға дейін өсті. Жүргізілген
зерттеу нәтижелері Gen Alpha оқушылары үшін дәстүрлі әдістерді заманауи цифрлық
платформалармен ұштастырудың тиімділігін көрсетіп, тақырыптың өзектілігін тәжірибелік
тұрғыда дәлелдеп берді
«GEN ALPHA» ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жарияланды December 2025
18
26
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
