Мақалада Қазақстан Республикасының мектептерінде биология пәнін оқыту үдерісіне Four
Modes of Adaptive Teaching (4MAT) әдісін интеграциялау мәселесі қарастырылады. Зерттеу
шетелдік білім беру тәжірибесінде кеңінен қолданылатын осы әдісті қолдану мүмкіндігіне
биология мұғалімдерінің көзқарастарын талдауға негізделген. Зерттеу барысында педагогтер
4MAT әдісінің теориялық негіздерімен, құрылымымен және оқу циклының кезеңдерімен
таныстырылып, олардың пікірлері мен бағалаулары әдістің педагогикалық әлеуетін талдау
үшін пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты – биология мұғалімдерінің көзқарасы тұрғысынан 4MAT әдісін
енгізудің маңыздылығы мен орындылығын анықтау, сондай-ақ оның оқушылардың сыни
ойлауын, оқу мотивациясын және танымдық белсенділігін дамытудағы мүмкіндіктерін
айқындау. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, мұғалімдерге сауалнама жүргізу,
салыстырмалы талдау және алынған деректерді статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижелері бастапқы кезеңде мұғалімдердің көпшілігі 4MAT әдісімен таныс
болмағанын көрсетті. Алайда әдіспен танысқаннан кейін респонденттердің басым бөлігі оның
тәжірибелік маңыздылығын, қазіргі білім беру талаптарына сәйкестігін және Қазақстан
мектептерінің жағдайына бейімдеуге болатындығын атап өтті. Алынған нәтижелер 4MAT
әдісін биологияны оқыту үдерісіне енгізудің перспективалы бағыт екенін дәлелдейді
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ АРҚЫЛЫ БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕ 4МАТ ӘДІСІН БІРІКТІРУДІ ЗЕРТТЕУ
Жарияланды December 2025
27
29
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
