Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ТОПЫРАҚ ТҰЗДАНУЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ

Жарияланды December 2025

51

56

Аңдатпа

Бұл мақалада топырақ тұздануының ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуына
тигізетін әсері жан-жақты қарастырылған. Қазіргі таңда топырақтың тұздануы жаһандық
деңгейде кең таралған экологиялық және агрономиялық мәселе болып отыр. Әсіресе,
суармалы егіншілік дамыған аймақтарда тұздану құбылысы топырақ құнарлылығын
тӛмендетіп, ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігіне теріс ықпал етуде.
Тұздану – бұл топырақта суда еритін тұздардың мөлшерден тыс жиналуы, нәтижесінде
ӛсімдіктердің өсуі тежеліп, өнімділігі күрт азаяды.
Алдымен топырақ тұздануының негізгі себептері мен түрлері сараланып, оның табиғи
және антропогендік факторлар арқылы қалыптасатыны баяндалған. Әсіресе, ирригациялық
жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі мен агротехникалық талаптардың сақталмауы тұздану
процесін үдететіні атап кӛрсетіледі. Одан әрі тұзданудың әртүрлі ауылшаруашылық дақыл
дарының физиологиялық және морфологиялық дамуына тигізетін әсері кестелік мәліметтер
негізінде талданады. Мысалы, бидай, жүгері, күріш, соя және тары секілді негізгі дақылдар
дың тұзға төзімділігі мен олардың тұзданған жағдайда қандай өзгерістерге ұшырайтыны
көрсетілген. Сонымен қатар, тұзданудың өсімдіктердің су сіңіру қабілетіне, фотосинтез
процесіне, иондық теңгерімге және тамыр жүйесінің дамуына қалай әсер ететіні түсіндірі
леді. Топырақ тұздануымен күресудің агротехникалық, гидромелиоративтік және биология
лық әдістері де қарастырылған. Ауыспалы егіс, тұзға төзімді дақыл сорттарын енгізу, жуғыш
суларды пайдалану және органикалық тыңайтқыштар қолдану секілді тиімді шаралар
ұсынылған.
Жалпы, мақала ауылшаруашылық мамандарына, ғалымдарға және экология саласындағы
зерттеушілерге арналған. Ол топырақ тұздануының салдарын түсініп, оның алдын алу мен
тиімді басқару жолдарын ұсынуға бағытталған. Автор бұл мәселенің маңыздылығын
айқындап, келешек ауылшаруашылық тұрақтылығы үшін кешенді тәсілдер қажет екенін
дәлелдейді.

PDF