Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ROSACEA ТҰҚЫМДАСЫ ЖЕМІС АҒАШТАРЫНЫҢ БІТЕЛЕРІ

Жарияланды March 2026

0

1

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы жеміс ағаштарының негізгі зиянкестерінің бірі – өсімдік
биттерінің (Aphididae) биологиялық ерекшеліктері, таралу заңдылықтары және олардың
климаттық өзгерістерге бейімделу механизмдері қарастырылады. Қазақстандағы жеміс
ағаштарының 90%-дан астамы алма (Malus), алмұрт (Pyrus), шие (Prunus), алхоры (Prunus),
өрік (Armeniaca) және шабдалы (Amygdalus) дақылдарынан тұрады. Бұл өсімдіктердің
барлығы Раушангүлділер (Rosaceae) тұқымдасына жатады. Соңғы жылдары климаттың
өзгеруіне байланысты зиянкестер құрамы өзгеріп, олардың популяциясы мен даму кезеңдері
артып келеді. Зерттеу фитосанитариялық мониторинг әдістеріне негізделіп жүргізілді.
Зиянкестердің таралуын болжау, олардың санын бақылау және қорғау шараларын қолдану
арқылы интеграцияланған өсімдіктерді қорғау жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылады.
Зерттеу барысында Раушангүлділер тұқымдасының ағаштектес өсімдіктеріндегі өсімдік
биттерін өңдеу барысында Aphididae тұқымдасына жататын 2 тұқымдас астының 20
туысынан тұратын өсімдік биттернің 51 түрлері табылды. Зерттеу жұмыстар нәтижесінде
Eriosomatinae тұқымдасастынан 4 туыс, 5 түр, ал Aphidinae тұқымдасастына 14 туыс, 46 түр
белгілі болды. Раушангүлділер тұқымдасының ағаштектес өсімдіктерінен яғни, алма, алмұрт,
шие, шабдалы, долана, өрік, ағаштарындағы өсімдік бітелеріне мониторинг жүргізілді.
Мониторинг жүргізу барысында алма ағаштарынан (16), шабдалы (16), шиеден (2),
алмұрттан (8), сары өрік (8), долана (5), мойыл (3), рябина (2) өсімдік бітелерінің түрлері
анықталды. Бұл зерттеу өсімдік зиянкестерінің биологиялық ерекшеліктерін тереңірек
түсінуге, олардың жеміс ағаштарына әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Қазақстандағы
орман және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінде тіршілік ететін зиянкестерге қарсы тиімді
күрес шараларын әзірлеуге негіз бола алады.

PDF