Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ТАРИХИ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАЛАР НЕГІЗІНДЕ ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ

Жарияланды June 2026

0

0

Аңдатпа

Мақалада мектеп географиясын оқытуда тарихи интерактивті карталарды қолданудың әдістемелік және теориялық негіздері қарастырылған. Оқу процесін цифрландыру жағдайында тарихи-кеңістіктік ақпаратты визуализациялау және оны оқу процесінде тиімді пайдалану қазіргі білім беру жүйесінде маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі. Бұл зерттеудің мақсаты – тарихи-кеңістіктік деректерді цифрлық карталар түрінде көрсету, тарихи-географиялық процестерді талдау дағдыларын дамыту, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және деректерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру, оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесін құру. Зерттеу барысында тарихи интерактивті карталардың дидактикалық мүмкіндіктері, оларды географиялық тақырыптардың мазмұнымен және оларды оқу процесінде қолдану ерекшеліктерімен үйлестіру әдісі жан-жақты әрі жүйелі түрде талданатын болады. Сондай-ақ, мақала барысындағы зерттеуде интерактивті карталарға негізделген үй тапсырмалары оқушылардың картографиялық сауаттылығын дамытуға, салыстырмалы талдауға, уақыт пен кеңістіктегі өзгерістерді анықтауға, кеңістіктік қорытынды жасауға тиімді ықпал ететіні анықталады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тарихи интерактивті карталарды жүйелі түрде қолдану мектеп географиясын оқытудың ғылыми-зерттеулік және проблемалық оқытудың әдістерін нығайтуға, білім алушылардың тақырыпқа танымдық қызығушылығын арттыруға, сонымен қатар оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

pdf