Қазіргі таңда еліміздегі, әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесінде енгізілген өзге- рістерге сәйкес, оқушының бойында зерттеушілік дағдаларды қалыптастыруға басым назар аударылуда. Бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруда баланың ізде- нушілік қабілеттерін дамыту негізгі шарт. География пәнінің жалпы білім беретін мектепте оқытылатын пән ретінде оқушыларды танымдық, шығармашылық іс-әрекетке, өз бетінше шешім қабылдауға және зерттеу дағдыларын дамытуға дайындауда әсерлі әлеуеті бар. Қалыптасқан мәселені шешу жолында ғылыми-зерттеу жұмысын оқу бағдарламасында тиімді пайдалану оң нәтижелер әкеледі.
Ғылыми-зерттеу жұмысы – бұл ғылыми ізденіс пен зерттеулер жүргізумен, оқушыда бар білімді қолдана отыра, жаңа білім қалыптастыруда, ғылыми заңдылықтар мен негіздемелерді белгілеу мақсатында эксперименттермен байланысты ғылыми сипаттағы жұмыс екендігімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда оқушылардың география сабағында ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудың шарттарын жүйелеу, сонымен қатар оны жүзеге асырудың стандартты емес формаларын дамыту қажеттілігі туындап отыр.
Бұл мақалада география сабағы аясында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және психологиялық шарттары және негізгі кезеңдері қарастырылады. Және география пәнін оқытудағы ғылыми-зерттеу жұмысының оқушыларға оң әсері мен ұйым- дастырудағы кедергілер талқыланады. Бұл сұрақтарды зерттеу маңыздылығы, ғылыми- зерттеу жұмысын ұйымдастырудың сапасын арттыру мүмкіндігін талдау үшін қажет.
Жаңа заман талабына сәйкес қалыптасқан ақпараттар ағыны, ғылымға бет бұру, оқушы- ның жеке тұлғасына мән беру, жаңа технологияларды меңгеру қажеттілігі географияны оқы- туда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың маңызын арттырады.
Берілген мақаланың мақсаты – география сабағында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдас- тырудағы мәселерді талқылау, педагогикалық-психологиялық шарттарын қарастыру және жүйелеу, ғылыми-зерттеу жұмысы кезеңдеріндегі қызметтерді талдау.
Елімізде ғылыми-зерттеу жұмысының білім беру саласына жаңа бағыт ретінде енгеніне көп бола қойған жоқ. Шетелдік тәжірибелерге сәйкес, STEM оқыту бағдарламалары кез- келген табиғи құбылысты тәжірибе жолымен, жаңа технологияларды құрастыруда қолданы- лады. Оқушыларды ғылымға баулу, мектеп қабырғасындағы шағын зерттеу жұмыстарынан басталады. Дегенмен, қарапайым мектептерде қарапайым педагогикилық шарттардың орын- далмауы, елімізде ғылымның өркендеуімен айтарлықтай кедергісін келтіруде.
