Мақалада білім алушыларға түрлі әдістерді қолдана отырып, өзін-өзі бағалауды оқушы- лардың бойына қалыптастыру. Білім алушыларды өзін-өзі бағалау іс-әрекеттерін жетілдіре отырып, мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру.
Бұл мақалада оқушыларға биологиялық білім беруде өзін-өзі бағалау әдісінің қолданылуы және оқушылар арасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың зерттеу нәтижелері қарастырылған.
Оқушыларды өзін-өзі бағалауы арқылы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бары- сында теориялық, эмперикалық, педагогикалық тәжірибелер мен статистикалық әдістер қол- данылды.
Биологиялық білім беруде 7 сынып оқушыларына «Рефлекс және рефлекс доғасы» тақы- рыбында өзін-өзі бағалау әдісі тәжірибе жүзінде қолданылды. Өзін-өзі бағалау принциптерін 7 сынып оқушыларына қолдана отырып тұлғалық, ізденімпаздылық қабілеттері дамыды. Зерттеу нәтижесінде оқушыларға өзін-өзі бағалауды қалыптастыру әдісінің тиімділігі тәжі- рибе жүзінде дәлелденді. Оқушылар достарымен, ата-анасымен, ұстаздарымен жоғары дең- гейде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында жасалған сауалнама бойынша ақпараттармен қамтамасыз етілді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде мектеп оқушыларының арасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жүргізілген сауалнаманың маңызы айқындалды.
Зерттеу нәтижелері бойынша оқушыларға биологиялық білім беруде өзін-өзі бағалау әдісін тұлғаның өз іс әрекеттерін сырттай сыни тұрғыдан бағалауға әдістеме ретінде қолдана алады.
