Мақалада биологияны оқыту барысында мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай білім беру мақсатындағы әдістемелік және инновациялық, психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдерге анализ жасалды. Сонымен қоса оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру қабілеттерін дамытудың жақсы жақтарын теориямен негіздей отырып, биология пәнін оқыту барысында оқушының жас ерекшеліктеріне сай шығармашылық ойын дамытатын инновациялық технологиялар ұсынылды.
Сонымен қатар әр оқушының жас ерекшеліктеріне сай шығармашылық қабілетіне зерттеу жүргізілді. Қазіргі таңда, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай шығармашылық қабілет- терін ескеру мен оны арттырудың маңыздылығы артып келеді. Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай шығармашылық қабілетін дамыту тек биология сабағында ғана емес, барлық пәндердің мүдделері қиылысатын біртұтас мәселе.
Бұл тақырыпты зерттеу бастауыш, орта және жоғары сынып жасындағы оқушылардың физикалық даму ерекшеліктерін салыстыруға үлкен мүмкіндік береді. Осы тақырыпты қарас- тырған кезде әр түрлі жастағы оқушылардың нейропсихикалық және танымдық салаларына салыстырмалы талдау жасап, олардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға әсерін көрсетуге бола- ды. Оқушылардың дамуының жас ерекшеліктері олардың жеке қалыптасуында әртүрлі түрде көрінеді.
Бұл мектеп оқушыларының табиғи бейімділіктері мен өмір сүру жағдайларына сәйкес бір- бірінен айтарлықтай ерекшеленетініне байланысты. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, білім алуда оқушыларға жеке көзқарас жүзеге асырылады: мықтылар интеллектуалдық қабі- леттерін қарқынды дамыту үшін қосымша сабақтарды керек етеді, ал әлсіз оқушыларға жеке көмек көрсету, олардың есте сақтау қабілеттерін, тапқырлығын, танымдық белсенділігін және т. б. дамыту қажет болады. Сондықтан да олардың әрқайсысының дамуы, өз кезегінде, оқу процесінде ескеру қажет елеулі жеке ерекшеліктермен сипатталады.
Бұл жердегі негізгі назар аударатын мәселе – білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай пәнді игеру қабілеті айтарлықтай көзге түсетін оқушыларды анықтау, оқыту және дамыту мәселелерін қолға алу болып табылады.
