Мақалада геокикілжіңнің теориялық негіздері, кезеңдері мен деңгейін сондай-ақ жіктелуі қарастырылады. Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы қақтығыстарға қатысты негізгі теориялық және практикалық аспектілер зерттеледі. Атап айтқанда, аймақтық шиеленістердің негізгі экономикалық, саяси-идеологиялық, және әлеуметтік себептерін талқылап елдер ішіндегі және арасындағы қақтығысты талқылайды.
Мақаланың бөлімі бойынша түрлі қақтығыстарға талдау жүргізу, нақтырақ айтқанда - қақтығыстардың өңірлері, аумақтық ерекшеліктерін, қақтығыстың түрлі себеп- салдарын әртүрлі ушыққан аймақтардың мәртебесін және қақтығыстардың негізгі нүктелерін зерделейді. Мсыалы Ресей-Украина, Орталық Азияда, Балқанда, Таяу Шығыста, Африкада және Еуропа мен Американың кей жерлерінде орын алған шиленістер талқыланады.
Геокикілжіңдердің саны жыл өткен сайын артып отыр. Оның жалпы мемлекет және аймақ үшін келтіретін зардабы ауыр. Ол мемлекеттік қауіпсіздікке, саяси тұрақтылыққа кері әсере етеді. Әсіресе Қазақстан секілді жас, тәуелсіз елдер үшін аймақтағы саяси тұрақтылықтың маңызы зор. Сол үшін әлемдегі және аймақтағы, тіпті ел ішіндегі түрлі геокикілжіңдерді, қақтығыстарды ғылыми түрде зерттеудің және одан лайықты қорытынды шығарудың тиімділігі жоғары болады.
Осындай ауқымды тақырыпты зерттеу барысында сан түрлі әдістерді қолдануға тура келеді. Мәселен, тарихи-географиялық, мұрағаттық, баяндау, статистикалық және салыстыра талдау, географиялық үлгілеу әдістері. Сонда ғана ғылыми зерттеуде нақты әрі шынайы нәтижелерге жетуге болады.
