Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ҚАЛА ТОПЫРАҒЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ АНТРОПОГЕНДІК ЖҮКТЕМЕНІҢ ӘСЕРІ (АСТАНА ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)

Жарияланды November 2023

289

90

Аңдатпа

Қалалық топырақтар - бұл адам әрекеті нәтижесінде пайда болған, қалыңдығы 50 см-ден асатын, урбаногендік материалды, оның ішінде құрылыс-тұрмыстық қоқыстарды аралас- тыру, құю немесе көму арқылы алынған беткі қабаты бар антропогендік өзгерген топы- рақтар. Топырақтың жағдайы сол аумақтың тұрғындар денсаулығы мен жасыл желекке айтарлықтай әсер етеді. Қала топырағы маңызды орта түзуші және санитарлық қызметтерді орындайды: улы қосылыстарды сіңіреді; беткейлік және ақаба сулардың жер асты суларына өтуі жолында сүзгі қызметін атқарады; патогенді микроорганизімдерді жояды және органикалық қалдықтар мен тірі организмдердің алмасу өнімдерін ыдыратады. Ірі өнеркәсіп- тік орталықтар, ірі қалалар мен урбанизацияланған аумақтар ластанудың қарқыны мен көлемі бойынша алдыңғы қатарда. Қала топырағының ластануы жергілікті жердің атмосфера ауасының, суының және тағы басқа өндірістік, тұрмыстық қалдықтармен ластануымен тікелей байланысты. Сонымен қатар қала инфрақұрылымының, құрылысының сауатты жоспарлануы, тұрғын үйлер мен ғимараттардың коммуналдық жабдықталуы, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы және тағы басқа факторлар қала топырағының ластануына әсер етеді. Ластанған қала топырағының қаланың жалпы экожүйесіне, тұрғындар денсаулығына да кері әсері болатыны ғылыми зерттеулерде нақты дәлелденген.

Мақалада жалпы қала топырағы түсінігі, Астана қаласы топырағының гранулометриялық құрамы мен түзілу ерекшеліктері, құрылымы, санитарлық-гигиеналық сапасы, қала топыра- ғын ластаушы көздер, негізгі ластаушы заттар және ластанған қала топырағының қоршаған табиғи ортаға әсері бойынша ғылыми зерттеулерге шолу жасалынған. Қазақстанның топырағының экологиясы, ластану түрі мен ерекшеліктері бойынша зерттеулерден деректер берілген. Сонымен қатар Астана қаласы топырағының түрлік құрамы анықталып, антропо- гендік әсерлерге ұшыраған аумақтардың картасы жасалынған.

PDF