Бұл мақалада жобалау әдісі арқылы биология сабағында жобалау жұмыстарының ұйымдастырылу ерекшеліктері қарастырылады. Жобалық әдістің ашықтығы мен оқыту принциптерін
ізгілендіру оның ерекшеліктерінен көрінеді. Сонымен қатар, жобалық оқыту әдісі білім
алушының жан-жақты тұлғалық дамуына кепілдік беретін бірқатар стратегияларды сипаттайды.
Мақалада биологияны оқытуға қатысты білім беру жобаларын жүзеге асыруды жеңілдетуге
арналған әдістемелік ұсыныс түрінде қарастырылды. Тест арқылы анықталған қорытындылар
әмбебап білім беру әрекеттерін қалыптастыру үшін жоба әдісінің тиімділігін көрсетеді.
Осы мақалада биология сабағында жоба әдісін қолданудың артықшылықтары қарастырылады. Жоба әдісі, төртінші буын технологиясы білім алушылар арасында өз бетінше оқуға ықпал
етеді, олардың академиялық жазылым және тұлғалық дамуына ықпал етеді. Ол әмбебап оқу іс-әрекетіне баса назар аудара отырып, оқушылардың танымдық мотивациясын, зерттеушілік
біліктерін және ақпараттық мәдениетін арттыруға бағытталады. Мақала мазмұны әдебиеттерге
шолуды қамтиды, биология біліміндегі жобалық оқытудың құндылығын көрсетеді және оның
білім алушылардың мотивациясына, оқу үлгеріміне және белсенділік көрсеткішін арттыру
жолдарын сипаттайды.
Мақалада биологиялық білім берудегі зерттеу дағдыларын дамытудың теориялық негіздері
мен әдістемесіне талдау жасалады. Жобалау әдісінің әдістемелік негіздемесі, қыстайтын құс
түрлерін анықтау, әртүрлі өнімдердегі витаминдердің мазмұнын зерттеу және алманың әртүрлі
сорттарына әсер ететін зиянкестерді зерттеу жатады. Мақалада көрсетілген зерттеу құзыреттілігі, креативтілікті және сыни ойлауды дамыту - осы жобалық тапсырмаларды орындаудың ықпалы деп сипаттадық.
Мақалада оқыту стратегияларын өзгерту қажеттілігін көрсете отырып, оқытушылар
кездесетін мәселелерге талдау жасалды. Яғни, ғылыми жобаларға қашықтықтан оқыту
ұйымдастыруда қолдану мүмкіндіктері туралы айтылады және жобаға негізделген оқыту сияқты
жаңа оқыту әдістеріне бейімделудің қаншалықты маңызды екені сипатталады.
Қатысушылар мен эксперименттік жұмыс барысында, материалдар мен әдістер бөлімінде
жобалық оқытуды биология кабинеттеріне жабдықтау мүмкіндіктері сипатталды. Ақпаратты
тиімді меңгеру үшін, талдау қабілеттері және деректерді өңдеу дағдыларын қамтитын біліктер
мақаланың қорытындысында келдтірілді. Мақалада берілген ұсынысқа сәйкес, білім
алушылардың зерттеу тәжірибесі мен біліктерін арттыру үшін биология сабақтарында жоба
әдісін кеңінен қолдану тиімді.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ҤШІН БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖОБА ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Жарияланды December 2023
247
79
Аңдатпа
Тіл
English
Кілт сөздер
жоба, зерттеу, гипотеза, биология, мәселе, әдіс
Дәйексөздерді қалай жазу керек
