Соңғы жылдары ұлттық байлықтың құрамдас бөлігі болып табылатын адами капиталды
дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Олардың қатарында халықты әлеуметтік қорғау, адам
денсаулығы, отбасылық қарым-қатынастың жақсаруы, аудан мекемелерінің дамыған қызметі
және білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер бар екені қарастырылады. Сонымен қатар,
адами капитал – экономиканы, қоғамды және оның негізгі буыны – отбасын, еңбек ұжымы
ның білімді бөлігін, өмір бойы және еңбек жолында ақылға қонымды басқару қабілетін
қарқынды дамытатын басты күш екені көрсетіледі.
Кез келген мемлекет пен қоғамда адами капиталдың қалыптасуы адамның дені сау
дамуы, оның тууы, адам және оның тұлға деңгейінде жетілуі сияқты көптеген процестерді
қамтиды. Олардың қатарында аналар мен балалардың тыныштығы мен денсаулығына,
салауатты отбасы ортасына, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің басқа да түрлерін
қамтитын кешенді білім беру жүйесіне, олардың сапасы мен тиімділігіне бағытталған күшті
әлеуметтік қорғау саясаты бар.
Осы орайда көптеген экономистердің пікірінше, білім адами капиталды қалыптастыруда
шешуші рөл атқарады. Бүгінгі таңда білім компанияның нарықта табысқа жетуінің, ел
экономикасының өсуі мен ғылыми-техникалық әлеуетін арттырудың басты факторына
айналуда. Сонымен қатар, халыққа білім беру мемлекеттің міндеттемелерінің бірі ғана емес,
елдің экономикалық дамуының күшіне айналуы қажет. Себебі білімнің қоғамдық дамуда
атқаратын орны анықталмай, ешқандай стратегия құрылмайды деуге болады.
Мақаланың жазылу мақсаты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму жолын ішкі
жалпы өнімнің өсуі деп қана емес, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының нақты
жоғарылауы деп түсіну керектігін ұғындыру. Біз үшін және еліміз үшін ең маңыздысы бұл
«экономикалық өсу жолын жеделдету», түрлі технологияларды жаңғырту, еліміздің ішкі
әлеуметтік тұрақтылығы мен елдің жаһандық позициясын нығайту мақсатында, Қазақстан
Республикасындағы адами капиталдың дамуын сапалы және сандық жағынан дамыту
барысында білім беру саласының әлеуетін арттыру қажет екені айқындалады.
Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халқына жолдауында «адами
капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту мәселесіне маңыз беріп,
басты бағыт етіп ұсынды. Бұл ұлттық саясаттың табиғи ресурстарға сеніп қалмай адами
капиталды орнықты дамытуға негізделгені» деп пікірін жолдаған болатын.
Жазылып отырған мақаланың да өзектілігі осында: яғни, қазіргі уақытта адами
капиталды дамытудың рөлі қандай және қандай деңгейге жетіп отыр, сонымен бірге адами
капиталды дамытудағы білім берудің рӛлінің маңызы қаншалықты деген мәселелерді
қарастыруға бағытталып отыр.
Мақалада күтілетін нәтижелер: адами капиталды дамытудағы білім беру жүйесінің орны
мен маңыздылығы анықталады.
АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ
Жарияланды April 2024
210
95
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
адами капитал, білім, білім деңгейі, адам факторы, педагогикалық білім беру тұжырымдамасы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
