Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ

Жарияланды April 2024

229

115

Аңдатпа

Мақалада жаңа білім беру тәсілдері мен технологияларын енгізудің маңыздылығын
көрсете отырып, географияны оқыту процесіне қойылатын өзекті талаптар талқыланады.
Пәннің жан-жақтылығына сүйене отырып, авторлар білім алушылардың танымдық
белсенділігі мен шығармашылық ойлауын дамыту үшін зерттеу, сауалнама және жобалық
оқыту сияқты әртүрлі оқыту әдістерін қолданудың маңыздылығын атап кӛрсетеді. Мақалада,
сонымен қатар білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартудың құндылығы атап
ӛтіледі, бұл оларға географиялық мәселелерді ғалымдар тұрғысынан қарастыруға және
талдау мен өз бетінше ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Географияны оқыту
процесінде ғылыми-зерттеу қызметінің рөлі және оның табиғатты, қоғамды және олардың
арасындағы өзара әрекеттесуді түсінуге әсері егжей-тегжейлі қарастырылады. Білім
алушылардың практикалық жұмыстарды орындау кезінде сабақта ғылыми-зерттеу іс
әрекетін орындаудың әртүрлі әдістерімен, алынған мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау
әдістерімен таныстыру, сонымен қатар мәліметтерді қорытындылау және нәтижені
тұжырымдау қабілетін дамытуға бағытталған зерттеушілік әрекетті көздейді. Оқу
әдістемелік зерттеу мектеп оқушылары географияда оқытылатын әдістерге сәйкес келетін
әдіс-тәсілдерді қолданатын, жаңа білім мен дағдыларды игерумен шектелмей, шығарма
шылық процеске  өзіндік шешімін әкелетін танымдық әрекетті қамтиды. Сонымен
бірге олар бұрыннан белгілі болған жаңа сұрақтарды табады, кең ауқымды дереккӛздерді
пайдаланады және бағдарламалық құралдарға қарағанда жетілген танымдық әрекет әдістерін
қолданады. Осыдан келе, мақалада жүргізілетін зерттеудің мақсаты оқу процесінде орында
латын зерттеу әдістерінің тиімділігін талдауды кӛрсету болып табылады.
Оқыту әдістерін жіктеудің кемшіліктері олардың оқушылардың танымдық қажеттілік
теріне сәйкестігі тұрғысынан да талқыланады. Мақала авторлары әртүрлі географиялық
жұмыстар жүргізу арқылы білім алушылардың ақыл-ой дамуын ынталандырудың
маңыздылығын атап көрсетеді. Демек, бұл мақала оқушылардың тиімді дамуы үшін білім
берудегі инновациялардың маңыздылығын көрсете отырып, географияны оқытудың за
манауи тәсілдерін жан-жақты талдауды ұсынады.

PDF