Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖӘНЕ САБАҚТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛЫРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕМЕСІ

Жарияланды April 2024

189

101

Аңдатпа

Экологиялық мәдениет қазіргі экологиялық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады
және азаматтардың қоршаған ортаны өзгертуге белсенді қатысуында көрінеді. Экологиялық
мәдениеттің болмауы қоғамның белгілі бір салаларында кең таралған тұтынудың ұтымсыз
үлгілерін өзгертуге және қоршаған ортаға зиян келтіретін әртүрлі мінез-құлықтарды жоюға
үлкен кедергі болып табылады. Қоғамның қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертудегі
қиындықтардың бір бөлігі-экологиялық аспектіні адам өміріне енгізу этикалық, әлеуметтік
мәдени және құқықтық жаңару болып табылады.
Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында сабақта және
сабақтан тыс оқытуда белсенді әдістерді қолдану жұмыстарының мүмкіндіктері мол.
Биология пәні бойынша сабақта және сабақтан тыс оқыту білім алушылардың қоршаған
табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы
түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады.
Сабақтан тыс жұмыстар қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Өскелең
ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның білімді, ұлттық
сана-сезімі жоғары азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процесс болып табылады.
Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр.
Мақалада биология сабағында және сабақтан тыс жұмыстарды кіріктіру негізінде білім
алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
негізделеді. Автор білім алушылырға экологиялық тәрбие беру мақсатында оны
қалыптастыру тек оқу-тәрбие үрдісімен шектеліп қалмауы керектігін эмпирикалық зерттеу
негізінде көрсетіп, экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделін ұсынады. Биология
сабағында және сабақтан тыс жұмыстарды интеграциялау негізінде білім алушылырдың
экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік негіздемесі ұсыныс жасалды.

PDF