Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ

Жарияланды March 2024

170

138

Аңдатпа

ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар тәрбие, таным және оқу процесін едәуір жеңіл
дететін ғасыр. Сондықтан олар білім беру процесінде қарапайым, маңызды және ажырамас
бөлікке айналады. Қазіргі уақытта химия мұғалімі өз тәжірибесінде химиялық экспериментті
жаңа деңгейде ұйымдастыруға, бақыланатын құбылыстарды тек сапалық бағалаудан
олардың сандық сипаттамаларын талдауға, заттардың құбылыстары мен қасиеттерін жаңа
тәсілдермен зерттеуге мүмкіндік беретін сандық зертханаларды қолдана алады.
Мақалада Қазақстандық білім беру жүйесінде химияны оқытудағы виртуалды зертханалардың рөлі қарастырылады. Виртуалды химия зертханасын білім беру мақсатында 
химиялық эксперименттер жүргізу құралы ретінде талдауға баса назар аударылады. Оқу
процесінде виртуалды зертханаларды құру және пайдалану әдістемесі, соның ішінде әзірлеу,
сынақтан өткізу кезеңдері, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда виртуалды эксперименттердің
тиімділігі мен сенімділігін талдау зерттеледі. Сонымен қатар, химия пәнін оқытуда
виртуалды зертханаларды сынақтан өткізген ұстаздар арасында жүргізілген сауалнама
сұрақтары мен нәтижелері көрсетіледі.

PDF