Мектеп қабырғасындағы білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттыру үшін, оладың жан-жақты ақпараттарды жылдам, әрі тиімді қабылдауы үшін, қазіргі заман ағысына сәйкес келетін жаңа технологияларды қатар біріктіре отырып оқыту білім беру жүйесіне өз үлесін қосып қана қоймай, мұғалімдер үшін де тиімді жол екендігі мәлім. Бұл мақалада оқушылардың биология пәніндегі жануарлар бөлімі бойынша өткізілген виртуалды зертханалық жұмысты орындау барысында анықталған артықшылықтары баяндалып, жалпы сандық көрсеткіштер арқылы нәтиже бейнеленеді және тәжірибелі сынақтың құрылымын сәтті етуге арналған мүмкіндіктер қарастырылады. Виртуалды зертхананың қазіргі таңда қолданылып жатқан түрлерінің негізгі ерекшеліктері мен олардың пайдаланушының танымдық қасиеттерін арттыруына қосатын үлесі айқындалады. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдаланудың артықшылықтаары мен ақпараттық байланысты көбейту арқылы қолжеткізе алатын мүмкіндіктер жөнінде мәлімет беріледі. Оларды тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың жалпы білімінің артуына негіз болып қана қоймай, еліміздің әрі қарай өркендеп дамуына септігін тигізе алатын көмекші құрал екендігі сипатталады. Виртуалды зертхананы қолдану барысын одан әрі жақсарту үшін көмек беретін оқыту құралдарын ойынға ұқсас мүмкіндіктерін пайдаланудың маңыздылығы мен соңғы нәтижелер қорытындалады.
БИОЛОГИЯ КУРСЫНЫҢ ЖАНУАРЛАР БӨЛІМІ БОЙЫНША ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ПӘНДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланды June 2023
132
82
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
