Экологиялық білім – бұл қоршаған орта туралы жүйелі білімді, табиғатты қорғау іс- әрекетінің дағдылары мен жалпы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздіксіз оқу процесі. Экологиялық білім үздіксіз берілетін процесс болуы керек. Экология- лық мәдениет адамның күнделікті тіршілігінің синонимі іспеттес, яғни қоршаған ортаға байланысты сұрақтарға рационалды, конструктивті түрде жауап беріп шешім қабылдайтын, табиғатты қалпына келтіруде аянбай тер төгеті, нағыз үлгі тұтарлық адамның бейнесін көруге болады. Ал экологиялық мәдениеттілігі жоғары адамды мектеп қабырғасынан бастап тәрбиелеп, экологиялық сауаттылыққа баули аламыз.
Бұл мақалада жоғары сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін, сауаттылығын ойын технологиясы арқылы арттыру жайлы әдебиеттер қарастырылып, зерттеудің бірінші кезеңі бойынша нәтижелер көрсетілген. Ғасырлар бұрын қалыптасқан экологиялық жүйе адамзатқа берілген үлкен сый. Әр адамның табиғатпен қандай байланыста екенін, табиғатта қандай заңдылықтар бар екенін және адамзат бұл заңдылықтарды елемей жүруі мүмкін емес екенін түсінуі керек.
