Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ГЕОЭКОНОМИКА БӨЛІМІН ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУ

Жарияланды July 2024

174

67

Аңдатпа

ХХІ ғасыр мұғалімінің басты міндеті, оқушылардың оқу үрдісіне белсенді қатысуға шақыратын сабақтарды жоспарлай алуы. Ол үшін әрине, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін мең- геруі қажет. Мұғалімнің сабақты жүргізудің көп әдістерді білуі, оның басты қаруы болмақ. География сабағының белсенді өтуі де тікелей мұғалімге байланысты. Оқушылардың әлемді тануы, оны зерттеп білуі географияны танудан басталады. Ал, географиядан алғашқы білімдері мектепте қаланады.

Ойын технологиялары білім беру технологияларының құрамдас бөлігі болып табылады. Білім беру процесінде ойын технологияларын педагогика мен практикада қолдану мәселесі бұрыннан өзекті болып келеді. Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин және т.б. ғалымдар ойын теориясын, оның әдіснамалық негіздерін, әлеуметтік табиғатын, оқушының дамуындағы маңызын зерттеді. Бiлiм алушылардың уәждемесi мен тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында оқытудың түрлi салаларында ойындарды пайдалану кең тараған. Ойындарды оқытуда пайдалану білім алушылардың проблемаларды шешу, бірлескен қарым-қатынас, стратегиялық ойлау сияқты негізгі құзыреттерін ілгерілетуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс- тың мақсаты география сабағында оқушылардың ойлау қабілеті мен дағдысын қалыптас- тыруда, ойын технологияларын қолдану болып табылады.

Бүгінгі таңда, дүниедегі болып жатқан ұлттық экономикалық және саяси өзгерістер мен өзгерістерге бірден әсер етіп отыратын: өндіріс, маркетинг, энергетика, халық, кен орын- дары, сыртқы сауда, көлік, көлік тасымалы сияқты бүкіл дүниежүзілік географияның дерек- теріне талдау жасау мүмкін емес. Бір-бірінен тәуелсіз, ұлттық және халықаралық экономи- калық-саяси қатынастар аясында жаңа ұрпаққа әлемдік экономиканың осы біртұтас әрекетін түсіндіру мен түсіндіруді жеңілдететін геоэкономиканы оқытпай, ұлттық даму мен әл- ауқатқа жету де қиын. Дамушы елдер, көптеген дамыған елдер сияқты, әлемдік саясат пен экономикадағы осы қарқынды өзгерістерге бейімделу үшін білім беру жүйесінде жаңа пәндердің жоқтығын мойындады және геоэкономиканы жас ұрпаққа оқытылатын міндетті пән ретінде қабылдады. Демек, оқушылардың геоэкономика туралы терең білуі, болашақта олардың аймақтық немесе ғаламдық проблемаларды түсініп, шешуіне мүмкіндік береді.

Мақала жұмысында 10-11-сыныптарда қамтылған «Геоэкономика» бөлімін ойын технологиялары арқылы оқытудың бірнеше әдістері негізделген. Көрсетілген әдістермен оқушыларға тарсырма жұмыстары да келтірілді. Әр тапсырмада оқушылардың жас ерекше- ліктері мен олардың білім деңгейлері ескеріледі. Оқытуда ойын технологиясын қолдану, білім алушыларда географиялық ой қалыптастырып, оқушылардың білім дәрежесін анықтай алады.

PDF