Бұл мақалада бейорганикалық химияны оқыту процесінде халықтық педагогика
материалдарының мазмұнды-танымдық компоненттің мазмұнын анықтау, әдістемесін әзірлеу
және теориялық-эксперименттік негіздеу туралы айтылады. Қазіргі қоғамда оқу
орындарында білім алушылардың өмірінің әртүрлі формаларында халықтық мәдениет
құралдарын қолдана отырып, тәрбие және оқыту жүйесін құру қоршаған ортада біртұтас оқутәрбие процесін құруға, білім ордасында, микроортада да өзін-өзі жүзеге асыра алатын бай
адамгершілік-тәрбиелік тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Тиімді
халықтық педагогика құралдары – бұл ойындар, халықтық мақал-мәтелдер, жұмбақтар,
ертегілер және т.б.
Оқу орнында оқытушы өз халқының дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, олардың
адамгершілік, құқықтық, тұрмыстық, отбасылық құндылықтарын білуі керек, бұл білім
алушылардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға әсер етеді.
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланды October 2024
138
12
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек

