Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланды June 2023

238

86

Аңдатпа

Мақалада, географияны оқыту барысында мектеп оқушыларды шығармашылық жағынан дамыту мақсатында әдістемелік және психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдерге анализ жасалды. Онымен қоса оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жақсы жақтарын  теориямен негіздей отырып, география пәнін оқыту барысында оқушының шығармашылық ойын дамытатын инновациялық технологиялар ұсынылды, сонымен қатар әр оқушылардың шығармашылық қабілетіне зерттеу жүргізілді.

Қазіргі таңда, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ескеру мен оны арттырудың маңыздылығы артып келеді. Оқу барысында білім алушылардың шығармашылық қабілетін қарастыратын модель екі сатыдан тұрады. Бірінші сатысы – бағдарламалық-мазмұнды деңгей. Бағдарламалық-мазмұнды деңгей оқушының ойлау дивергенттілігін дамытатын түрлі жаттығулардан, комбинаторлық тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар, сонымен қатар ауызша шығармашылық қабілетті дамытатын тапсырмалар мен жаттығулардан тұрады. Екінші сатысы - қызмет-операциялық деңгей. Бұл деңгейде мұғалім тарапынан педагогикалық көмек және қолдау көрсетіледі, оқушы мен мұғалім арасында диалог формалары жүреді, инновоция-лық технологиялар пайдаланылады, сонымен қатар оқу-тәрбие қызметіне субъект-субъектілік қатынастарды енгізеді. Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту тек география сабағында ғана емес, барлық пәндердің мүдделері қиылысатын біртұтас мәселе. Бұл жердегі негізгі назар аударатын проблема – шығармашылық қабілеті айтарлықтай көзге түсетін оқушыларды анықтау, оқыту және дамыту.

Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бір – шығармашылық қабілеттері дамыған тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Осы орайда мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мен шыңдау өзекті мәселе ретінде қарастырылып отыр. Білім алушылардың шығармашылық қабілетінің дамуы оқу барысындағы білімді алумен, білімді алу жолымен, яғни оқушылардың білім алу кезіндегі ақыл-ой белсенділігімен тығыз байланыста болып отырғаны белгілі. Демек оқушы сабақ барысында еркін әрі өнімді ойлай алуы керек. Еркін ойлай алу оқушыға тапсырманы жаңа қырынан орындауға, қиялдай алуға және тапсырманы ерекше тұжырымдауға мүмкіндік береді.

pdf (English)