Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жарияланды December 2024

224

40

Аңдатпа

Бұл мақалада химияны оқыту барысында білім алушылардың танымдық белсенділігін арт
тырудың ғылыми-педагогикалық негіздері талданған. Танымдық белсенділік оқушылардың
білім алуға деген ішкі мотивациясын, өзіндік ізденуін, шығармашылық қабілеттерін дамы
туда маңызды рөл атқарады. Зерттеуде танымдық белсенділіктің теориялық негіздері мен
оның құрылымдық элементтері – танымдық қызығушылық, дербестік және шығармашылық
әрекет қарастырылған. Авторлар химия сабағында интербелсенді оқыту әдістерін қолдану
дың тиімділігін негіздеп, білім беру үдерісінде оқушылардың дербес ойлау қабілетін дамыту
қажеттігін көрсетеді.
Мақалада интербелсенді әдістердің білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын,
сыни ойлауын және тәжірибелік қабілеттерін арттыруға ықпал ететіні дәлелденген. Сонымен
қатар, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін оқыту әдістемесінің негізгі педагоги
калық шарттары анықталған: жеке тұлғаға бағытталған оқыту, өзіндік жұмыстарды жүйелі
түрде ұйымдастыру және кері байланыс ұсыну. Авторлар мұғалімнің оқытудағы рөлін қайта
қарастырып, оны оқушының танымдық әрекетін бағыттаушы, шығармашылық әлеуетін
ашушы ретінде сипаттайды.
Мақалада ұсынылған теориялық және практикалық тұжырымдар білім беру сапасын
арттыруда, әсіресе химия пәнін оқытуда маңызды болып табылады. Бұл зерттеу нәтижелері
оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың жаңа тәсілдерін енгізуге, білім беру үдері
сінің сапасын жақсартуға және оқушылардың ғылыми танымға деген қызығушылығын арт
тыруға бағытталған.

PDF