Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА СУДЫ ҚОЛДАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ

Жарияланды December 2024

179

14

Аңдатпа

Мақалада су ресурстарын тиімсіз пайдалану салдарынан пайда болған мәселелерді білім
беру арқылы шешу жолдары қарастырылады. Су – жердің негізгі табиғи жүйелерінің бірі
және адамзат үшін алар орны бөлек. Қазіргі таңда суды қолдану сауаттылығын қалыптас
тыру, еліміздің ең басты мәселелерінің біріне айналып отыр. Бұл зерттеудің мақсаты –
елімізде мектеп қабырғасында оқитын оқушылардың су ресурстарына байланысты сауат
тылығын анықтау мақсатында әлеуметтік әсерін зерттеу. Мақалада 1900 жылдан 2025 жылға
дейінгі суды тұтыну динамикасы талданып, суды қолдану сауаттылығы ұғымы кеңінен
ашылды. Су ресурстарын тұтыну сауаттылығын қалыптастыру, әсіресе мектеп қабырға
сындағы өскелең ұрпаққа су ресурстарына байланысты ақпараттармен қамтамасыз ету
жайлы ұсыныстар жасалынды. Су тапшылығы мен суға сұраныстың артуы жағдайында,
білім беру ресурстарын тұрақты басқаруға ықпал ететін құндылықтар мен әдеттерді өзгерту
ұсынылады. Жас ұрпақтың су ресурстарына деген дұрыс көзқарас, сауаттылығын қалып
тастырудың бірнеше тиімді жолдары сызба-нұсқа түрінде талданды. Суды қолдану сауатты
лығына байланысты шетелдік тәжірибелер қарастырылды. Қазақстанның әр аймағындағы
оқушылардан күнделікті тұрмыс тіршілігінде қолданатын су сауаттылығы бойынша сауал
нама алынып, жұмыс жүргізілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, оқушылар судың маңыз
дылығын, оны үнемдеудің қажеттілігін, таза судың жетіспеушілігінің салдарын жеткілікті
түсінбейтіні сауалнама барысында анықталды. Сондықтан, мектеп бағдарламасына суды
қолдану сауаттылығына байланысты тақырыптарды енгізу, әсіресе суды үнемдеу, су ресурс
тарын қорғау, суды тазалау және қайта пайдалану мәселелері қарастырылуы қажеттілігі,
оқушылардың практикалық тәжірибесін арттыру маңыздылығы дәлелденді. Бұл шаралар,
болашақ ұрпаққа таза суды қамтамасыз ету, экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін маңызды.

PDF