Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ҒЫЛЫМИ-ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҰҒЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланды December 2024

108

19

Аңдатпа

Мақалада ғылыми-жаратылыстану ұғымдарын негізгі мектепте «Химия» оқу пәні арқылы
қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Химия пәні оқушылардың табиғат құбылыс
тарын тереңірек түсініп, ғылыми тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Ғылыми-жаратылыс
тану ұғымдарын қалыптастыруда химияның жетекші әдісі ретінде химиялық эксперимент
таңдап алынды. Химиялық эксперимент пәндік оқыту нәтижелерін алуда ғана емес, сонымен
қатар метапәндік нәтижелерге қол жеткізуде және ғылыми-жаратылыстану ұғымдарын қа
лыптастыруда бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Зертханалық эксперименттер
оқушылардың ғылыми-жаратылыстану бағытындағы метапәндік тапсырмаларды шешу мен
әртүрлі формада ұсынылған ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін тексеретін практикалық,
ситуациялық, эксперименттік, қалыптастырушы, диагностикалық және басқа танымдық тап
сырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы тапсырмалар оқушылар
дың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, эксперименттік дағдыларын дамы
туға, ал диагностикалық сипаттағы тапсырмалар қалыптастырушы тапсырмаларды тереңде
туге арналған. Мақалада оқушылар осы тапсырмалар негізінде концентрация, сапалық реак
ция және бейтараптандыру ұғымдарымен танысады.

PDF