Мақалада химия мамандығы бойынша білім алатын студенттердің функционалдық сауат
тылығының қалыптасуының әдіс-тәсілдері қарастырылады. Заманауи контекстте функцио
налды сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық әрекетінің негізгі
факторы саналады. Функционалды сауаттылық тақырыбының өзектілігі қоршаған ортаның
қарқынды түрде алмасуымен тығыз байланысты: жаңа технологиялар, жаңа кәсіп түрлері,
экономика салалары пайда болуда. Адамның әлеуметтік-психологиялық өзгерісі орын алып
жатқандықтан, қоғамда функционалды сауатты мамандарға сұраныс артуда. Сол себепті
функционалды сауаттылық қазіргі таңда білім алушы жастардың білім деңгейінің маңызды
көрсеткіші болып табылады. Студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
күрделі және көп қырлы процесс болып табылады. Алайда, оқытушылар көбінесе студент
терді қоғамға бейімделуге дайындау қажеттілігін ескере отырып, жалпы білім мен дағды
ларды жеткізуге назар аударады. Кейбір мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің төмендігі,
сондай-ақ дәстүрлі оқыту әдістерін ұстану студенттердің функционалдық сауаттылығын
дамытуды айтарлықтай қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, экологиялық, қаржылық және
құқықтық сияқты функционалдық сауаттылықтың өзекті аспектілері жиі назардан тыс
қалады.
Бұл мәселені шешудің бір жолы-сыныптан тыс жұмыстардың көп санын енгізу арқылы
бағдарламаны кеңейту. Мұндай сабақтарда танымдық белсенділікті арттыруға, сыни ой
лауды дамытуға және ситуациялық мәселелерді шешуге бағытталған тапсырмаларды қолда
нуға болады, бұл қазіргі әлемде сәтті бағдарлау үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға
ықпал етеді.
Мақала авторлары проблемалы оқыту мен контекстті оқыту әдістеріне, заманауи цифрлық
технологияларды, зертханалық тәжірибелерді пайдалануға аса назар аударады. Кәсіби құзы
реттілікті дамытатын теориялық, практикалық, зерттеу және коммуникативті білім беру
аспектілері сипаталған.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланды December 2024
169
22
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек

