Бұл мақалада полимерлер химиясын оқыту процесінде білім алушылардың функционалды
сауаттылығын дамыту – қазіргі білім беру жүйесінің маңызды аспектісі екендігі көрсетіледі.
Жоғарғы оқу орындарында сыни ойлау тәжірибесіне әсер ететін әдістерді импровизациялауға
негізделген практикалық әрекеттер қарастырылады. Білім алушылардың функционалды,
сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында полимерлер туралы теориялық білімдерін прак
тикалық тапсырмалармен, зерттеулермен және жобалармен бекітуге көмектесетін әдістеме
әзірлеу және теориялық-эксперименттік негіздеу туралы айтылады. Мақала оқытудың тиімді
әдістеріне, жаңа технологияларды енгізуге және білім алушылардың дағдыларын дамытуға
қатысты нақты ұсыныстармен қорытындыланады.Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педа
гогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен
тәсілдер арқылы студенттердің құзіреттіліктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Сын тұрғы
сынан ойлауды дамыту полимерлер туралы ақпарат алудан басталып, қаралатын тапсырмаға
байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Зерттеу нәтижесінде әр студенттің ойы
шыңдалып, жүргізілген тапсырмалар арқылы өздік жұмыстарын орындап, өзін-өзі бағалауға
дағдыланады, пәнге деген қызығушылығы артады.
Дәстүрлі әдістер мен заманауи технологиялардың артықшылықтары сипатталып, зертхана
лық және конструкторлық тәсілдер жан-жақты талқыланады. Мақалада сыни ойлауды
анықтау, бағалау және зерттеудің негізгі концептуалды және әдіснамалық мәселелері, сондай
ақ студенттердің шығармашылық және сыни ойлауын зерттеу үшін химиялық білімнің
маңызы көрсетілді.
ПОЛИМЕРЛЕР ХИМИЯСЫН ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Жарияланды December 2024
157
21
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек

