Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА 8-СЫНЫПТА ХИМИЯНЫ ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Жарияланды June 2023

199

88

Аңдатпа

Қазіргі заманғы инновациялық білім беру тұжырымдамасына сай мүмкіндігі шектеулі
балалардың физикалық және психикалық ерекшеліктеріне қарамастан әдепкі балалармен бірге
толыққанды білім алуын жан-жақты қамтамасыз ету заман талабының өзекті мәселелерінің бірі.
Мақалада мүмкіндігі шектеулі балалардың жетілу кемістігінің шартты түрін ескере отырып,
жалпы білім беру деңгейінде химия пәні бойынша қажеттіліктері қарастырылған. Әрбір бала
үшін түзету-дамыту жұмыстарының жеке бағдарламаларын жасау керектігі көрсетілген. Ерекше
білім беруді талап ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу аясында оларды
психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздеріне сай оқуәдістемелік қешенін әзірлеу қажеттілігі көрсетілген.
Мақаланың мақсаты инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар
балаларды оқыту нәтижелерін бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу. Сондай-ақ білім
алушының оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесін бейімдеу.

PDF