Мұражай экспонаттары биологиялық білім беру үрдісін толықтырып қана қоймай, оны жан- жақты дамытуға әсер етеді. Білім алушыларға материалды тек түсініп қана қоймай, оның практикалық тұрғыда қолданылуын үйретуде, білім берудің көрнекілік принципін жүзеге асыруда мұражайдағы «жанды» сабақтардың әлеуеті орасан зор. Бұл кезекте мұражайдағы
«жанды» сабақтарды жүргізетін мұғалімдердің мотивациясын анықтау қажеттілігі пайда болады. Осы мәселе төңірегінде түрлі әдебиет көздері талданып, 60 биолог мұғалімнен салаунама алынды. Сауалнама нәтижелеріне талдау жасау арқылы педагогтердің мұражай педагогикасы туралы білімі мен мотивациясының жалпы сандық және сапалық көрсеткіштері анықталды. Зерттеу нәтижесінде, биолог-мұғалімдердің, мұражайлық білім беру әлеуеті туралы жалпы хабардарлығы, олардың мұражайлық білім беруге деген мотивациясына тікелей әсер ететіндігі анықталды.
