Мақалада білім беру процесінде геоақпараттық технологияларды қолданудың мәселелері
талқыланды. Білім беру процесіне ГАЖ технологияларын енгізу мен пайдаланудың
белгіленген
проблемалары
ақпараттық-білім
беру
ортасында
геоақпараттық
технологиялардың оқытудың әдістемелік нұсқаулығы көрсетілді. Мемлекеттік білім беру
стандарттарының талаптары контекстінде геоақпараттық жүйелермен (ГАЖ) жұмыс істеуді
оқыту негізінде оқушылардың геоақпараттық құзыреттілігін мақсатты қалыптастырудың
одан әрі перспективаларын ашатындығы қарастырылды. Бұл мақалада қазіргі заманғы
геоақпараттық технологияларды (ГАЖ) географияны оқытуда және зерттеулерде қолдану
әдістемесі мен олардың болашағы қарастырылады. Геоақпараттық жүйелер бүгінгі күні
кеңістіктік деректерді жинау, сақтау, талдау және визуализациялау үшін қуатты құрал
ретінде танылып отыр. Мақалада келесі аспектілер қамтылады: білім беру саласындағы ГАЖ
әдістемесі, оқушылар іылыми-зерттеу жұмыстарындағы қолдану, ГАЖ технологияларын
қолданудың болашағы мен жасанды интеллект пен үлкен деректерді интеграциялау арқылы
географиялық зерттеулерді тереңдету. Сонымен қатар, мақалада ГАЖ технологияларын
интеграциялау барысында кездесетін негізгі қиындықтар мен оларды шешу жолдары
қарастырылған. Білім беру сапасын арттыруда ГАЖ технологияларының маңыздылығы мен
олардың география пәнінде оқушылардың қызығушылығын арттырудағы рөлі талқыланған.
Болашақта ГАЖ қолдану перспективаларына, атап айтқанда, жасанды интеллект пен үлкен
деректер технологияларымен үйлестіру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылған.
ЗАМАНАУИ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ (10-сынып мысалында)
Жарияланды March 2025
69
40
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек

