Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҒЫНЫҢ БИОТА ЖАҒДАЙЫН СИПАТТАУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланды March 2025

79

26

Аңдатпа

Зерттеушілік құзыреттілік қазіргі білім беру жүйесінде маңызды орын алады. Ол білім
алушылардың ғылыми әдістерді меңгеруіне, деректерді талдау дағдыларын жетілдіруге,
сыни ойлау қабілеттерін дамытуға және қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан зерттеуіне
ықпал етеді. Экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін
арттырудың тиімді тәсілі болып табылады. Бұл зерттеу жұмысы қорықтардың табиғатты
қорғаудағы рөлін, олардың экологиялық маңызын және білім беру жүйесіндегі орнын
қарастырады. Қазақстандағы қорықтардың құрылу тарихы, зерттелуі және мектеп
бағдарламасына енгізілуіне үлес қосқан ғалымдардың еңбектері жан-жақты талданған.
Сонымен қатар, қорықтарға антропогендік әсер, қаржыландырудың жеткіліксіздігі, сирек
кездесетін түрлердің жойылуы және экологиялық мәдениеттің төмендігі сияқты негізгі
мәселелердің ықпалы талқыланған.
Жұмыста интерактивті оқыту әдістері, зерттеу және практикалық жұмыстар,
экологиялық ағарту іс-шаралары қамтылған. Зерттеу төрт негізгі кезеңнен тұрды:
қажеттілікті бағалау, оқыту әдістемесін әзірлеу, іс-әрекетке көшу және кері байланыс алу.
Тәжірибелік оқыту барысында зерттеуге қатысқан оқушылар экологиялық мәселелерді
тереңірек түсініп, табиғатты қорғау шараларына белсенді қатынасуы күтіледі. Алынған
нәтижелер қорықтарды зерттеу арқылы оқушылардың табиғатты қорғауға деген
қызығушылығын арттырып, олардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға
көмектеседі. Бұл әдістемелерді енгізу экологиялық білім беруді жетілдіруге және табиғи
мұраны сақтауға септігін тигізеді. Қорытынды ретінде оқушылардың өз ойлары мен
көзқарастарын еркін жеткізуіне жағдай жасайтын, сонымен қатар олардың ғылыми
зерттеушілік машықтарын жетілдіруге ықпал ететін сыни ойлауды дамытуға негізделген
әдістемелік жүйе қарастырылады.

PDF