Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

Жарияланды June 2025

59

1

Аңдатпа

Бұл мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда биология
сабағында ситуациялық есептерді қолданудың тиімділігі қарастырылады. Функционалдық
сауаттылық – оқушының алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуі, өмірлік жағдаяттарда
тиімді шешім қабылдай алуы болып табылады. Биология пәнінде ситуациялық есептерді
пайдалану арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын
арттыру, нақты өмірмен байланыстыра отырып білім алуына мүмкіндік беру көзделеді.
Мақалада ситуациялық есептердің түрлері, оларды сабақта қолдану жолдары мен тиімді
әдістері талданып, оқушылардың пәндік және тұлғалық дамуына әсері сипатталады. Зерттеу
барысында 7-9 сыныптарға арналған биология оқулығындағы тапсырмалар талданды, автор
ұсынған ситуациялық есептердің үлгілері берілді. Сонымен қатар, оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мұғалімнің рөлі мен есептерді құрастыруда
ескерілетін талаптар қарастырылды. Мақалада биология сабақтарын өмірмен байланыстыру
арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік
ұсыныстар ұсынылған.

PDF