Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС КЕЗІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Жарияланды June 2025

65

2

Аңдатпа

Мақалада география сабағында пәнаралық байланыс негізінде интерактивті әдістерді
қолданудың маңыздылығы қарастырылған. География пәнінің басқа пәндермен байланысын
зерттеу, оқушылардың білімін кеңейтіп, олардың танымдық белсенділігін арттыру үшін
интерактивті әдістердің тиімділігі туралы баяндалады. Әдістемелік тұрғыдан пәнаралық
байланыс жасаудың негізгі әдістері мен тәсілдері сипатталады. Бұл тәсілдер оқушылардың
пәнге қызығушылығын арттырып, білім деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Қазіргі білім
беру жүйесінде ақпараттық қоғамның талаптарына сай, білім алушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. География пәні
табиғат пен қоғамның өзара байланысын зерттейтіндіктен, ол басқа пәндермен тығыз
байланыста болуы керек. География пәнінде пәнаралық байланыс орнату, әсіресе тарих,
биология сияқты пәндермен біріктіру, оқушыларға әлемді кең әрі терең түсінуге мүмкіндік
береді.
География сабағында пәнаралық байланыс орнату мен интерактивті әдістерді
қолданудың педагогикалық мәнін және олардың оқыту сапасын арттырудағы рөлін анықтау.
Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқу процесін қызықты әрі тиімді етуге болады.
Бұл әдістер оқушылардың белсенділігін арттырып, пәндер арасындағы байланыстарды
көрнекі түрде жеткізуге мүмкіндік береді. География сабағында интерактивті әдістерді
қолдану оқушыларды өздігінен ойлануға, зерттеулер жүргізуге, талқылауларға қатысуға,
ақпаратты бағалауға және шешім қабылдауға үйретеді. Осы тұрғыдан алғанда, география
сабағында пәнаралық байланыс пен интерактивті әдістердің маңызы зор болып табылады.

PDF