Бұл мақалада География пәнін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде
оқыту жайлы ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасалынып, ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар негізінде оқыту ұғымына анықтама ұсынылды. География пәнінің
мұғалімдері үшін оқыту процессінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
қолданудың ұтымды жақтары зерттелді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
негізінде тиімді оқытуға арналған бағдарламалар мен платформаларға анықтама берілді және
оларды тиімді қолданудың мүмкіндіктері зерттелді. Мақалда географиядағы табиғи
құбылыстар және күрделі үрдістерді оқушыларға түсіндіруде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды кешенді қолданудың тиімді екендігі көрсетілді. География пәнін
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқытудың инновациялық өзектілігі
анықтала түсті. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың география
пәнінен функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың алгоритмін жасауға ұсыныстар
дайындалды.
Жүргізілген зерттеулер бойынша цифрлық технологияны қолдануыдың арқасында
мектеп оқушыларының география пәніне деген қызығушылығы едәуір артып, масштабы
үлкен құбылыстарды жеңіл түсініп, талдау және шешім шығару қабілеттерін дамытуға
жағдай жасаймыз.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Жарияланды June 2025
64
1
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
