Мақалада білім алушыларға география пәнін оқытуда цифрлық технологияларды
қолданудың тиімділігі, цифрлық білімді қалыптастырудың маңызы және әдіс-тәсілдері мен
күтілетін нәтижелері қарастырылған. География пәні бойынша білім мазмұнын жаңарту
бағдарламасына сәйкес қазіргі заман талабына сай цифрлық технологияларды дұрыс
пайдалана отырып, білім алушыларға сапалы білім берудегі теория мен практиканың
артықшылықтары талданып сипатталған. География пәніне деген қызығушылықты
арттыруда цифрлық технологиялардың рөлі мен орны айқындалып жазылған.
Қазіргі таңда білім берудің құзыреттілікті-бағдарланған парадигмасы жағдайында
болашақ мамандарды даярлаудың маңызды мақсаты студенттердің тұлғалық сапаларын,
сонымен қатар, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, ғылыми
зерттеушілік, ұйымдастырушылық-басқарушылық, тәжірибелік-аналитикалық, цифрлық
технологиялық және оқытушылық қызметте оларды жүзеге асыру дағдыларын дамыту болып
саналады. Білім алушы жоғары оқу орнын аяқтай отырып, өз пәніне қатысты тек біліммен
ғана қамданып қоймай, сонымен бірге жеткілікті тұлғалық сапалар мен құзыреттіліктер
жиынтығын меңгеруі қажет. Зерттеу жұмысында оқыту үдерісінде цифрлық
технологияларды қолданудың теориялық негіздері, зерттелу жайы қарастырылды. Білім беру
процесінде цифрлық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері талданып, ғылыми
теориялық тұрғыдан негізделді.
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Жарияланды June 2025
46
1
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
Цифрлық технологиялар, цифрлық білім, білім беру жүйесі, географияны оқыту, оқыту әдістері.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
