Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

БИОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жарияланды June 2023

164

112

Аңдатпа

Биологияны оқытуда зерттеу қызметін қолдану тақырыбы өте өзекті, өйткені, студенттердің қызығушылығы негізделеді, арнайы дағдылар, байқау, қиял, талдау, жалпылау қабілеті дамиды, тұлғаның рухани және адамгершілік дамуы жүреді. Оқытушы үшін жобалық оқыту студенттермен жеке жұмысты да, ұжымдық қызметті де қарастырады.
Пәнге қызығушылықты арттыру мақсатында биология сабақтарында белсенді жұмыс әдістерін үнемі қолдану керек. Студенттерге жеке жұмыс істеуге, оқу процесін саралауға, зерттеушілік құзіреттілікті қалыптастыруға, шығармашылық ойлау мен қиялды дамытуға компьютерлік және ақпараттық технологияларды қолдану көп мүмкіндік береді. Жаратылыстану циклі пәндерін (соның ішінде биологияны) оқыту кезінде зерттеу қызметін пайдалану кезінде қажеттілік пен оқу қабілеті қалыптасады.
Бұл мақалада биолог студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудағы зертханалық жұмыстардың маңызы туралы жазылады. Деректер қатысушы студенттерден ашық сауалнама арқылы жиналды және мазмұнды талдау әдістерін қолдану арқылы талданды. Нәтижелер көрсеткендей, барлық дерлік студенттер зертханалық жұмысты биологияны оқытудың ажырамас бөлігі деп санады. Дегенмен, қатысушы студенттер зертханалық жұмысты зерттеушілік құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі мақсаты ретінде теориялық білім мен зертханалық әдістерді тексеруге назар аударды.
Бұл нәтижелер тиісті әдебиеттермен салыстырылады және ұсыныстар беріледі.

PDF