Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ӨСІРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНҒАН ГЕПАТОЦИТТЕР ЦИТОПЛАЗМАСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Жарияланды June 2023

171

61

Аңдатпа

Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі гепатоциттерді өсіру барысында дәрілік пре-параттарды тест арқылы сынап, тұқым қуалайтын немесе терминалдық бауыр ауруларын трансплантациялық әдіспен емдеу мүмкіндігін анықтау үшін пайдаланып, оңтайлы емдеу тәсілін ұсыну қажет болғандықтан туындаған. Стандартты қоректік ортада бастапқы өсірілген гепатоциттердің өсу динамикасына, ағынды цитофлуориметриямен, жарық микроскопымен, электронды микроскоппен және иммунофлуоресцентті талдау әдістерімен сипаттама берілді. Гепатоциттердің өсуі G0/G1 сатылардан кейін жасушалық циклдің 24 сағатында тоқтауы және олардың апоптоз сатысындағы жасушалардың пайызын арттырмай эксперименттің 48 сағаттында тіршілігін сақтап қалғаны анықталды. Жасушалардың абсолюттік көлемінің кемуі мен ядролық–цитоплазмалық арақатынастың артуы анықталды, бұл жағдай гепатоциттердегі цитоплазма үлесінің өсу барысында төмендегенін көрсетті. Гликоген мен митохондриялардың көлемдік тығыздығының төмендеуі және жасушалар цитоплазмасындағы базальды аутофагияның өсуі – гликогенофагия мен митофагияның басым болуы көрсетілген. Сонымен, аутофагия оқшауланған гепатоциттердің жасушалық гомеостазын қамтамасыз ететін тетігі болып табылады.
Мақсаты: оқшауланған гепатоциттердің цитоплазмасындағы базальды аутофагияны оларды өсіру динамикасында анықтау.

pdf