Бұл мақалада география пәні бойынша орта білім беру мекемелері мен жоғары оқу орын- дарында қазіргі дүние жүзінің геосаяси жағдайлары мен ерекшеліктерін оқытуда, ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқыту жолы ұсынылады. Орта блім беру мекемелері мен жоғарғы оқу орындарында геосаяси бағытын оқыту жолын жаңаша ақпарат кӛздерімен қарас- тыру, оқытушыларға оқулық бойынша оқыту жұмысын жеңілдету мен қатар геоасяси бағытын толық қамтып жеңіл түрде түсіндіріп оқыту аясы қарастырылады. Сонымен қатар геогарафия пәнін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы оқытып, оқу сапасын арттыру жолы кӛрсетілген. Геосаяси бағытын оқытудағы басты проблеманы ескере отырып, қолданылып келе жатқан ақпараттық құралдар мен түрлі бағдарламаларды жаңашаландыру негізделіп отыр. Геосаяси бағытын оқыту география пәнінде тек оқулық ақпаратымен қамтамасыз етілген, ал бұл оқу сапасының нәтижелі болуына кері ықпал тигізуде, бұған себеп орта білім беру мекемелері мен жоғарғы оқыту орындарында оқулық ақпаратына сүйеніп оқытып түсіндіру жолы кӛрсетілген, ал бұл жеткіліксіз себебі әр елдің сасяси жағдайлары әр уақытта ӛзгеріске ұшырап отыруы мүмкін, бұл жағдайлар оқыту барысында теориялық ақпаратпен толық қамтылмауына әкеледі. Осындай проблемалық жағдайлардың туындамауы үшін, біз жаңа ақпараттық технология- лардың кӛмегіне сүйеніуіміз қажет екені негізделінді. Оқыту сапасын арттыруда бірыңғай ақпараттық кеңістікті құрудың негізгі міндеттері: адамның шығармашылық және танымдық іс- әрекеті жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етумен байланысты екені қарастырылған. Жаңартылған ақпараттық технологияларды қолдану арқылы Білім алушы түрлі дереккөздерден алған ақпараттармен өз бетінше жұмыс істеуге, қажетті мәліметтерді іздеуге, талдауға және іріктеуге, өз ойын анық жеткізуге, шығармашылық қабілетін арттыруға, ӛз жұмысын ұйымдастыруға, түрлендіруге, сақтауға және табыстауға дайын бола алады және өз білімін жоғары деңгейге жетілдіруіне көмектесетіні айқындалып отыр. Оқытушылардың қазіргі уақытта оқу сапасын арттыру жолында қажетті ақпараттық технологияларды білуі қажет екені кӛрстіл- ген. Мақала жұмысының мақсатыда география ғылымында геосаяси бағытты ақпараттық технологияларға сүйене отырып геосаяси жағдайлар мен ерекшеліктерді оқытуға негізделінді және мақалада жұмыстың өзектілігі айқындалды: География ғылымында геосаяси бағытты оқытуда теориялық ақпаратқа ғана сүйене отырып геосаяси жағдайлар мен ерекшеліктерді тсүіндіру қолайсыз, осы қолайсыздықтардың орнын толықтыру үшін ақпараттық технологиялар арқылы оқыту маңызды екені көрсетіліп отыр.
ГЕОСАЯСИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚЫТУ
Жарияланды June 2023
190
81
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
Геосаясат, Ақпараттық технологиялар, болашақтағы дамудың тенденциясы, Scribble Maps веб - қосымшасы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
