Бүгiнгi таңда жаһандану кезеңінде ұлтымыздың бәсекеге қабiлеттiлігі артпаса, онда оның болашағы бұлынғыр болатыны айдан анық. ХХІ ғасырда ғылым мен техника дамыған заманда мемлекеттердің арасындағы экономикалық және басқа да салалардағы бәсекелестік күн сайын артып келе жатыр. Міне, осындай жағдайда халықаралық қатынастарда әр мемлекет ӛзінің географиялық еңбек бӛлінісі бойынша ӛздерінің артықшылықтарын дамытып, экономикалық бәсекелестікке түсіп отыр. Сондықтан да бiзге мемлекет беделін арттыру үшін экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сӛзсiз. Бәсекеге қабілеттілік – бұл жан-жақты ұғым, бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi бағыты болып санала- ды. Мемлекеттіміздің табиғи, экономикалық ерекшеліктеріне сай тиесілі байлықтарымызды барынша тиімді әрі ұтымды пайдалану, тек ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болу қарқынды қарастырылып жатқан саяси-экономикалық процестердің негізгі мақсаты болып табылады.
Мақалада география пәнінен 11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін оқытудың заманауи әдістері ұсынылған. Негізгі мақсатымыз жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушылардың ең алдымен ӛз Отанымыздың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру, патриоттық дайындығын, білімін және дағдыларын жетілдіру мәселелері қарастырылады.
Осы орайда, мақалада географиялық оқыту технологияларының түрлерін қолдана отырып, оның ішінде проблемалық оқыту, теорияны практикамен байланыстыру және оқытудың ойын технологияларына тоқталып ӛтеміз. Сонымен қатар, заман талабына сай жаңа оку үрдістерін тиімді пайдалану маңызды деп білемін. Сабақта АКТ мүмкіндіктерін кеңінен қолдану арқылы бір мәлімет іздеу арқылы жаңа ақпаратқа қол жеткізуге, уақыт үнемдеуге және аз уақытта мәліметтерді жинауға қол жеткізеді. Соның ішінде, интерактивті оқытудың бір түрі – LearningApps.org қосымшасын пайдалану педагогикалық іс-тәжірибемде қолданыс тапты.
Жұмыс нәтижесі ретінде білім алушылардың географиялық ой қалыптастыруы және оқушылардың білімін бақылауға көмектесетіндігін айтып өтсе болады.
