Ұсынылып отырған мақалада жоғары оқу орнындағы студенттерге нейролингвистикалық бағдарламалауды (НЛБ) қолдана отырып органикалық химияны оқыту әдістемесі қарастырыл- ды. Психология ғылымының жетістіктері өмірдің әртүрлі салаларына енген бүгінгі күні жоғары оқу орындарында оқуға қолайлы жағдай туғызатын және білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін оларды оқу-тәрбие процесіне енгізе отырып, болашаққа білікті маман даярлауда бірқатар мәселелер туындады. Қазіргі таңда көптеген оқу орындары педагогикалық қауіпсіз білім беру ортасын құруда, мұғалімдер оқу процесіне көзқарастарын өзгертуден, авторитарлық педагогикадан ынтымақтастық педагогикасына, оған қатысушылардың өзара әрекеттесуінің тұлғалық, субъекті-субъектілік тәсіліне көшуден тұратын студентке бағытталған оқытуды енгізе бастады. Психолингвист ғалымдар мен психологтар ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының басында адамдар арасындағы ең сәтті ӛзара әрекеттесудің бірқатар стратегияларын анықтады. Болашақта бұл стратегияларды әдіскер ғалымдар білім беру мақсатында қолданды. Сонымен, білім беру процесінің тараптарының тиімді өзара әрекеттесуі үшін білім алушының ми құрылымының ерекшеліктерін зерттеу қажет. Бұл білім беру процесінің кӛптеген мәселелерін, атап айтқанда білім алушылардың органикалық химияны жоғары оқу орындарында оқытуды ынталандыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда, өкінішке орай, гуманитарлық пәндерді, атап айтқанда химия, тарих, биология сынды пәндерді оқытуда нейролингвистикалық бағдарламалау элементтерін пайдалану мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Алғашқыда адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қолданылған НЛБ қағидаларын білім беру үдерісінде пайдалану айтарлықтай жетістіктер беруде. Бұл техниканы, оның қағидаларын қолдана отырып жасалған білім сапасын арттыруға бағытталған сабақ жоспарының үлгісі келтірілді. Авторлар мақалада білім алушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ми жарты шарларының қабылдауына байланысты арнайы тапсырмалар ұсынылды
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
НЛБ, нейролингвистика, ми жарты шарлары, психофизиологиялық ерекшеліктер, органикалық химия
Дәйексөздерді қалай жазу керек
