Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ЖАЛПЫ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды June 2023

242

163

Аңдатпа

Зерттеудің қажеттілігі жалпы химия курсын өтуде білім алушылардың назарын пәнге барынша қызықтыруға, танымдық оқу әрекеттерін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен қалыптастыруға негізделген. Танымдық оқу әрекеттерін қалып- тастыруда және сабақтың мақсатында көрсетілген бағыттар бойынша сапалы кӛрсеткішке жетуде ақпараттық-коммуникациялық технологияны ұтымды пайдалану нәтижені әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығы мұғалімнің өз пәнін қаншалықты қызықты өткеніне және сабақ барысында қолданған тәсілдеріне тікелей байланысты. Сол себептен де, қазіргі жаңа инновациялық технологиялардың дамыған шағында, мұғалімдердің де заман талабына сай өз пәнін жаңа технологиялармен жетілдіріп, білім алушылардың қызығушылығына қарай интерактивті әдіс тәсілдерді меңгеру өте маңызды. Бұл қажеттілік зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Мақалада ақпараттық-коммуникациялақ құралдар арқылы бейорганикалық химия курсын оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беру жағдайлары қарастырылған.

PDF