Жерді қалыптастырған процестер оның бетінде немесе астында үнемі жұмыс жасайды. Жер қыртысындағы плиталардың қозғалысы және жергілікті жылу концентрациясы адамдар мен олардың құрылымдары үшін қауіпті. Табиғи апаттар жаппай қайғы-қасіретке, адам ӛліміне және орасан зор материалдық шығындарға әкелетін ең терең әлеуметтік сілкіністердің кӛзі болып табылады. Табиғи апаттардың кӛбеюі жер ӛркениетінің халқы мен экономикасының ӛсуі, табиғи ортаның деградациясы және климаттың ӛзгеруі сияқты жаһандық процестерге байланысты әрқашан да ӛзекті болып қала береді және де табиғи апаттармен күресу – елдің тұрақты даму стратегиясының маңызды элементі болып табылады.
Мақаланың мақсаты табиғи апаттар мен литосфералық катаклизмдердің себептерін айқындау және салдарын жеңілдету стратегияларын зерттеу болып табылады. Табиғи апат – бұл жер бетіндегі табиғи процестерден туындаған оқиға немесе құбылыс болып табылады. Олар геологиялық және гидрологиялық, метеорологиялық және литосфералық немесе биологиялық қауіптерден болуы мүмкін. Табиғи апаттарға: су тасқыны, жанартау атқылауы, дауыл, жер сілкінісі, кӛшкін, дала ӛрттері, құрғақшылық және пандемия жатады. Мақалада табиғи апаттар ұғымына түсінік бере отырып, литофералық катаклизмдерді түрлеріне қарай жіктедік. Литосферадағы табиғи апаттарға мыналар жатады: жер сілкінісі, су тасқыны, жанартаулардың атқылауы, цунами, кӛшкін, сел және т.б. олар кӛбінесе қоршаған ортаға теріс әсер етеді. Тек мұқият жоспарлау, дайындық және салдарын жеңілдету шаралары табиғи қауіптердің табиғи апаттарға айналуына жол бермейді. Зерттеу барысында келтірілген литосфералық катаклизм- дерді пайда болу түріне және олардың әсерінен болатын біріншілік және екіншілік факторларды анықтап, оларды кесте түрінде кӛрсеттік. Сондай-ақ мақалада аталған табиғи апаттар мен литосфералық катаклизмдерге баға берілді және оларды бақылау мен болжау міндеттері қарастырылды. Осы алдыға қойған міндеттерге жету үшін отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін және басқада ақпараттарды талдау әдістерін қолдандық. Мақалада аталған табиғи апатардың нақты жағдайлары баяндалды.
