Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БИОКЛИМАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫ

Жарияланды June 2023

167

85

Аңдатпа

Биоклимат белгілі бір аумақта климаттың адам ағзасына кешенді әсерін анықтайтын сипаттама. Ауданның биоклиматы адамның сезімталдығы мен жайлылығына, еңбекке қабілет- тілігіне, жалпы жағдайда адам денсаулығына бағынатын ең маңызды табиғи ресурс болып табылады. Биоклиматтық ресурстарды белгілі бір аумақтағы организмдердің, сондай-ақ адамдардың тіршілік ету ортасы мен тіршілік әрекетіне қажетті климаттық жағдайлардың жайлылық сипаттамалары бойынша бағалауға болады. Биоклиматтық кӛрсеткіштер қоршаған ортаның жылулық сипаттамаларын физикалық сипаттайды және адам қоршаған ортаның жылулық күйінің жанама кӛрсеткіші болып табылады. Ақмола облысының биоклиматтық бағасы биоклиматтық кӛрсеткіштер бойынша жүргізілді. Олар: тиімді температура (ET), эквивалентті- тиімді температура (ПЭТ), биологиялық белсенді температура (BAT), қалыпты эквивалентті- тиімді температура (PET), радиация – эквивалентті температура (рет), Бодман қаттылық индексі (S), төмендетілген температура (ткелт). Бұл индекстер жылдың жылы және суық кезеңдері үшін бөлек анықталды. Әлемдегі және Ресейдегі көптеген жұмыстар биоклимат тақырыбына арналған. Ал біздің елде бұл тақырып әлі де зерттелу үстінде. Қазіргі уақытта биоклиматтық ресурстарды сақтау ӛте маңызды. Түрлі экологиялық апаттар, соғыстар, табиғатқа антропогендік әсер ету нәтижесінде бүкіл биоклиматтық ресурстар жүйесі күн санап өзгеруде. Жаһандық жылыну, экожүйедегі өзгерістер бүкіл жүйеге әсер етеді. Бүкіл әлемде осы ресурстарды сақтау үшін әртүрлі конвенциялар мен хаттамалар жасалуда, біздің еліміз де осы үдерістерге қатысушы. Ақмола облысының биоклиматтық жүйесін талдау, сондықтан оны зерттеу өзекті болып табылады.

PDF (English)