Бұл жұмыста заманауи уран өндірісіндегі уран минералдарын күкірт қышқылды
ерітінділермен жерасты өңдеу әдісі мәселелеріне аналитикалық шолу жасалды. Құрамында
төрт валентті уран бар минералдарды тотықтыру үшін темір (III) тұздары, калий пер
манганаты, калий және аммоний персульфаттары, хлор, гипохлориттер және хлораттар,
натрий нитриті, азот және азот қышқылдары, сутегінің асқын тотығы, ауа және т.б.
тотықтырғышты қолданып ерітіндіге өткізеді. Осы әдістің жүргізуде темір (III) иондарын
қолданудың тиімділігі анықталды. Алдын-ала жүргізген зерттеулер арқылы түйіршікті
электродтарды қолдану арқылы электрохимиялық әдіспен екі валентті темір иондарын
анодты тотықтыру арқылы үш валентті темір иондарын регенерациялау мүмкіндігі көрсетілді.
УРАН КЕНДЕРІН КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛДЫ ЕРІТІНДІЛЕРМЕН ЖЕРАСТЫ ТОТЫҚТЫРУ АРҚЫЛЫ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ
Жарияланды March 2024
204
110
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
