Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ КЕШЕНДЕРІН ОҚЫТУДА ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

Жарияланды December 2023

321

178

Аңдатпа

Мақалада білім беру жүйесіндегі табиғи кешен туралы білімді қалыптастыру мәселелерін шешудің құралдары мен жолдары қарастырылған. Прогрессивті ой-пікірлер әрқашан жеке тұлғаны қалыптастырудағы табиғаттың рөлін жоғары бағалады, адамның бүкіл рухани өмірі табиғатпен байланысты екенін дәлелдеді. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты-физикалық география бөлімін игеру аясында даладағы табиғи кешендер туралы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының теориялық білімдерін қалыптастыру және жүзеге асыруды зерттеу.

Географияны оқытуда табиғи кешендерді далалық зерттеу әдістерін қолдану мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстары талданды. Табиғи кешендерді оқытуда далалық зерттеу әдістерін қолданудың өзекті мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, оқытудың сандық әдістері қолданылды. Қарастырылған мәселелердің шешімдері және қолданылған әдістер оқушылардың танымдық қабілетін дамытып қана қоймай география пәніне деген қызығушылығын арттырып, зерттеу дағдылары мен іс-әрекеттерін далалық жағдайда орындау мүмкіндіктеріне талдау жасалынды.Табиғи-аумақтық кешендерді мектеп бағдарламасында далалық жағдайларда оқыту оқушылардың қоршаған ортамен тығыз маңызды қатынастары арқылы жүзеге асыратындығына назар аудару қажет.

PDF